Жүк көлігі 7 жеңіл автокөлікті соққан

810

Оңтүстік Қазақстан облысының Қазығұрт ауданына қарайтын Рабат ауылының тұсында Жібек жолы тасжолында үлкен жол-көлік апаты болды. Рабат ауылына кіреберісте тік құламадан төмендеп келе жатқан ірі жүк көлігінің тежегіштері істен шыққан. Жүк көлігіне қиыршық тас-құм қоспасы тиелген.

Трасса. Дорожное движение. Крутой спуск. КамАз. Поворот

Басқарусыз қалған жүк көлігі адымен сиыр табынын басқан. Одан жолдағы жеті жеңіл автокөлікті соғып өткен. Куәгерлердің айтуынша, кейбір автокөліктер тура мағынасында жүк көлігінің доңғалақтары астында жаншылып қалыпты. Ал, ендібірі бильярд добындай жан-жаққа ұшқан. Сиырды соғып, арындап келе жатқан жүк көлігінің екпініне алдымен жолаушылар мінген минивэн көлігін соққан. Бірақ, минивэн жүк көлігін тоқтата алмады. Одан кейін басқа көліктер ілінген. Бір анығы, жүк көлігіне жаншылған жеңіл автокөліктердің барлығы да бір бағытта қозғалып бара жатқан. Сондықтан да соққы зардабы сәл де болса жеңілдеген. Әйткенмен, оқиға қайғылы жағдаймен аяқталды. 22 адам жарақат алып, бір жарым жастағы оқиға орнында көз жұмды. Жарақат алған адамдардың барлығы да Қазығұрт аудандық ауруханасына жеткізілді. Төртеуі ауыр жарақат алған, ал ендібіреуі жан сақтау бөлімінде жатыр.

 – Ауруханаға жеткізілгендердің бесеуі – балалар. Оларға алғашқы медициналық жәрдем көрсетілді. Қазір облыстық балалар ауруханасына жектізілді. Ары қарай тексеруден өтіп, ем-дом жасалады. Бір сәбиден тіршілік нышаны білінбеді, – дейді Жедел медициналық жәрдем ауруханасының қабылдау бөлімінің меңгерушісі Сәбит Байбосынов.

19 жастағы Ұлбике Нышанбаева жүк көлігі соққан жеңіл автокөліктердің бірінде болған. Ол: «Мен таксиде оқуға кетіп бара жатқан едім. Біздің алдымыздан табын өтті. Өте ақырын жүріп келе жаттық. Содан кейін қатты шиқылдаған дыбысты естідік. Содан кейін соққы болды, ары қарай не болғаны есімде жоқ», деп айтады.

 

ДТП. Крупнейшая авария произошла сегодня на трассе Жибек-Жолы

Жүк көлігі жүргізушісінің 30 жылдық жұмыс өтілі бар. Ал, бұл жүк көлігін 4 жылдан бері жүргізіп келе жатыр екен. Айтуынша, жүк көлігінде техникалық ақау болмаған. Аз уақыт бұрын тежегіш жүйесі алмастырылып, таңертең жүріс бөлігін өзі тексеріп шыққан. Тежегішінің неліктен істен шыққаны оған түсініксіз болып отыр.

ДТП. Крупнейшая авария произошла сегодня на трассе Жибек-Жолы

Жеті жеңіл автокөлікті соққан жүк көлігі төңкеріліп қалған. Одан кейін жергілікті тұрғындар жүргізушіні бірнеше сиырды басып өткені үшін ұрып соққан.

«Мен оларға бәрін түсіндіруге тырыстым. Ал, олар мені бірден ұрып-соға бастады», – дейді жүк көлігінің жүргізушісі Ұлықбек Юнусов.

Қазір осы іс бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Жүргізуші жұмыс істейтін автокомпанияның өкілдері осы оқиғаға қатысты тергеу істеріне барынша көмектесетіндерін айтады.

ДТП. Крупнейшая авария произошла сегодня на трассе Жибек-Жолы

ДТП. Крупнейшая авария произошла сегодня на трассе Жибек-Жолы

ДТП. Пешеходный переход. Крупнейшая авария произошла сегодня на трассе Жибек-Жолы
[youtube]https://youtu.be/KMqzSl8LUPo[/youtube]