Жылу орталығының қоры мәз емес

Биыл Шымкенте жылыту маусымы жылдағыдан ерте басталмақ. Қала басшылығы қазан айының 26-жұлдызынан бастап орталықтандырылған жылу жүйесінен жылытылатын 1700-ден астам көп қабатты үйге жылу беруге шешім қабылдады.

Жылу орталығының қоры мәз емес

Бүгінде 80 баспананың жертөлесіндегі  құбырларға су жіберіліпті. Сала мамандары қаладағы жылу жүйелерін жаңалау жұмысы толығымен аяқталғанын жеткізді.

Дегенмен, бірқатар тұрғындардың қамданбауы салдарынан 17 көп қабатты үй қысқа дайын емес. Әкімдік қызметкерлері ондағы қалың қауымға түсіндіру жұмыстарын жүргізіп жатыр.