Úı Sport Чемпиондар қатары тағы бір палуанға толықты

Чемпиондар қатары тағы бір палуанға толықты

Оңтүстіктің бір палуаны халықаралық турнирдің жеңімпазы атанды

Кеңес Одағының батыры, генерал Сабыр Рақымовты еске алуға арналған халықаралық турнирдің чемпиондары белгілі болды. 300-ге тарта еркін күрес шебері арасынан 55 келідегі палуандар арасынан Нұрболат Абдуалиев үздік танылып, алтыннан алқа тақты.

[youtube]https://www.youtube.com/watch?v=5IefVLIXboE[/youtube]

Сондай-ақ, Мұханбет Қуатбек және Жантас Дәрібай да топты жарып, күміс медаль иегері атанды. Ал қоржынға қола жүлдені салғандар — Махон Құралбаев, Ербол Нұрбек және Оразбек Саябай.

Оңтүстіктің бір палуаны халықаралық турнирдің жеңімпазы атанды

Халықаралық дода аяқтала салысымен Шымкенттің боз кілемінде еркін, грек-рим және әйелдер күресінен Қазақстан чемпионаты басталды. Бұл жолы 400-ге жуық палуан медаль үшін таласуда. Олардың арасында Оңтүстіктің құрама командасы да бар. 30 қазан күні чемпиондар белгілі болады.