MC Сайлаубек Шымкентте ән салды

402
МС Сайлаубек

Ғаламтор арқылы Қазақстанға ғана емес, өзге елдерге де танымал болып жүрген МС Сайлаубек Шымкентке келіп, ән салды. Қазнеттің жұлдызы атанып үлгерген жігіт «Luna-bar» түнгі клубында ән салды.

МС Сайлаубек

Сайлаубектің Шымкентке келетіні осыдан біраз уақыт бұрын белгілі болған. Оңтүстік халқы қонақты жақсы күтіп алып, сахнадан жібермей әндерін тыңдады.

МС Сайлаубек

МС Сайлаубек қазіргі таңда көпшілік қаласа да, қаламаса да Қазақстан шоу-бизнесінен өзінің орнын алып үлгерді. Бірқатар қалалардың түнгі-клубтарында өнер көрсетіп, жарнамаға түсіп жүр. Әрине, өзінің продюсері де бар.

МС Сайлаубек: «Мен өзімнің өмірімде не өзгеріс болып жатқанын әлі толық сезініп үлгермедім. Бірақ, маған ұнайды. Елге танымал адамдармен араласып жүрген ұнайды. Мені құрметтейтіндері ұнайды. Алда бүкіл елді аралап, концерт беру жоспарда бар. Алғашқы клипімді түсірсем деп те ойлаймын. Бүгін осында келіп, мені тыңдаған баршаңызға рахмет!»

Шымкентте халық рэпері өзінің хитке айналған өлеңдерін айтып, елге танымал өзге туындыларды акапелламен айтты.