Оңтүстіктің жолдарын канадалықтар салуы мүмкін

151

Оңтүстіктің жолдары канадалық әдіспен салынуы мүмкін. Бүгін сала мамандары жол құрылысындағы тың бастаманы таныстырды.

жолКанадалық мамандардың арнайы дайындаған қоспасымен салынатын жолдар 15 тоннаға дейін жүкті көтере алады. Алайда жыл сайын пайдаланудағы нысандар тұрақты түрде өңделіп отыруы шарт. Мамандар озық технологиямен жүргізілген жолдар 5 жылға дейін шыдас береді дейді.

Арнайы қоспаларға цемент араластырылып төселеді екен. Оның мөлшері жолдағы қозғалыстың қарқынына қарай есептеледі.

Бұл технология құрылысқа қажетті материалдарды үнемдейді деп сендіреді канадалықтар. Бастама зерттеу институттарында сараптамадан өтіп, нәтижесі отандық талаптарға сай деп танылса, қолданысқа енгізілмек.