Шымкент қорғасын зауытының қалдығынан құтыла бастады

2402
Қорғасын зауытының қалдығы

Бүгіннен бастап Шымкенттегі қорғасын зауытының қалдықтары маңында тұратын халықтың тынысы кеңейе бастады. Тау болып үйілген қалдық көліктерге тиеліп, өзге жерге шығарылуда.

Жүк көліктері жүргізушілерінің мәлімдеуінше, қалдықтар индустриалды аймаққа тасымалдануда екен. Қазір мұнда ауыр техника тынбай жұмыс жасауда.

Қорғасын зауытының қалдығы

Айта кететін жәйт, қорғасын зауытының қордаланған өндіріс қалдықтары қоршаған ортаға, Бадам өзені аумағындағы тұрғындарға кері әсерін тигізіп келген болатын. Экологтар дабыл қағып, оның сыртқа шығарылуын айтты. Жергілікті билік мәселені шешуге кәсіпкерлерді шақырған болатын.

Қорғасын зауытының қалдығы

Қалдықтарды зерттеген ғалымдар қалдықтардан құрылыс материалдарын шығаруға болады деген қорытынды шығарған болатын. 2 тонна өндіріс қалдығының жартысы коммуналдық меншікте болса, қалғаны қорғасын зауытына тиесілі.