Кеңес одағының батыры, генерал Сабыр Рақымовты еске алуға арналған халықаралық турнирдің жалауы биыл да көтерілді. 300-ге тарта палуан еркін күрестен екі күн бойында Шымкенттің бөз кілемінде белдесетін болады.
Биыл қаламызға бес елдің спортшылары келіпті: Қазақстан, Ресей, Өзбекстан, Тәжікстан және Қырғызстан. Барлығы 300-ге тарта палуан 8 салмақ дәрежесі бойынша сынға түседі. Олардың арасында 20-сы Оңтүстік Қазақстанның спортшылары.
Биыл бұл дода 20-шы рет жыл қатарынан ұйымдастырылып отыр. Чемпиондардың есімі 27 қазан күні белгілі болады.