Шымкентте жиһаз жасаушылар көрмесі өтіп жатыр

383
Көрме

Отандық өнімдер бәсегеге қабілетті. Шымкентте 40-тан аса кәсіпорын «Жиһаз және интерьер», «Ағаш және ағаш өңдеу» көрмесіне қатысты.

Көрме

Өңірлік кәсіпкерлер палатасының ұйымдастыруымен өтіп жатқан көрмеге алыс және жақын шетел кәсіпорындары мен компаниялар тауарларын паш етті. Көрмеге соңғы заманауи технологиялар, әр түрлі бағыт пен стильдегі жиһаздар мен материалдар, интерьердің декоративті заттары қойылған.

Көрмедегі тың дүниелер келушілердің көңілінен шықты. Жиһаз жасаудың сан қилы жолын білетін білікті мамандар өзгелерімен тәжірибесін бөлісті. Іс-шара аясында осы саладағы өзекті мәселелер талқыланып, жиһаз өндірісін дамыту, дизайнды жетілдіру мәселелері кеңінен сөз болды. Айта өтейік, көрме қазанның 17-сіне дейін жалғасады.