Шымкентте жылу маусымы басталды

350
№3 жылу-энерго орталығы

Шымкентте жылыту маусымы басталды. Жылу беру науқаны биыл жылдағыдан ерте қолға алынды. Қала әкімі Ғабидолла Әбдірахымов тиісті қаулығы қол қойды. Нәтижесінде бүгіннен бастап орталықтандырылған жылу энергиясының тұтынушыларына жылу беріле бастады.

№3 жылу-энерго орталығыАйта өтейік, №3 жылу-энерго орталығынан 346 бюджеттік нысан, 1762 көп қабатты тұрғын үй жылытылады. Ең алдымен шаһардағы білім, денсаулық сақтау және әлеуметтік нысандар жылуға қосылады.

Сосын кестеге сәйкес екі апта ішінде барлық көп қабатты тұрғын үйлерге беріледі. Айта кету керек, алдағы жылыту маусымына қажетті көмір мен сұйық отын қоры да жеткілікті.