Театрдың хормейстері әр әртістен 150 мың теңге сұратқан

666

Облыстық опера және балет театрында тағы да шу шықты. Бүгін өнер ұжымының хор әртістері театр басшылығының өз қызметін асыра пайдаланып, қысым жасап жатқанын жайып салды. Айтуларынша, хормейстер Серік Салдаров «1 айдың ішінде 150 мың теңге көлемінде параны» әкеліп тапсырмаса, әншілердің қызметтен қысқарту бойынша босайтынын айтып, бопсалаған.

Айнұр Жүнісбекова
Айнұр Жүнісбекова

Айнұр Жүнісбекова, облыстық опера және балет театрының хор әртісі: «Менен ғана емес, мен білетін тағы 3 қыздан 150 мың теңгеден бас-аяғы 450 мың теңгені Серік Салдаров сұрап отыр. Қызметімде ешқадай кемшілігім жоқ, мен өзіме тапсырылған партияны, тапсырманы дер кезінде ойдағыдай тапсырамын. Айт деген әнді айтамын, жұмысқа да кешіккен емеспін. Өз жауапкершілігімді жақсы білемін. Тіпті түсініктеме немесе сөгіс те алған емеспін. Неге мені жұмыстан қысқартатынын түсінбеймін?! Менің 150 мың теңге ақшам жоқ!»

vlcsnap-2015-10-02-12h28m14s159_500x281
Мөлдір Бегімбетова, облыстық опера және балет театрының әртісі

Мөлдір Бегімбетова, облыстық опера және балет театрының әртісі: » Не істедіңдер, ақшаны тураладыңдар ма? Дайын ба ақша? Жоғары жақтағылар сұрап жатыр, – деп мазамызды алды, түнгі сағат 23:00, 00:00-де телефонымызға тыным бермеді. 150 мың теңгені әкеліп бергеннің өзінде, оны мен алмаймын! Облыстық мәдениет басқармасынан ақшаны жинап алып кететін адам келеді, оған тағы да қызметінің құнына 5 мың теңгеден жинап берулерің керек, яғни 150 мың теңгеден бөлек тағы да  ақша жинайсыңдар, – деді».

Ал өңірімізге бекзат өнерді ұсынып, оны дәріптеп жүрген театрдың директоры Жәнібек Тағаев мәселеден бейхабар екенін алға тартты. Сөзіне сенсек, басшылық қызметке тағайындалғанына әлі жыл толмаған. Сондықтан, ұжымдағы «ішкі» жәйттер тұманды. Бірақ, 150 мың теңгенің ұжымнан талап етілгенін расталды.

Жәнібек Тағаев
Жәнібек Тағаев

Жәнібек Тағаев, облыстық опера және балет театрының директоры: «Бұл оқиғаны енді ғана естіп, біліп отырмын. Біздің театрда ешқандай қысқарту немесе қысым көрсету дегенді көрген жоқпын. Ал хор дирижері Серік Салдаров өзінің іс-әрекеті туралы, яғни әртістерден өзінің ақша талап еткені туралы түсініктеме жазды. Қаржы талап етіп, әртістерге қысым көрсеткенін растап отыр».

Серік Салдаров
Серік Салдаров

Ал осы кезде редакциямызға облыстық опера және балет театрының хормейстері Серік Салдаров келіп, өзінің кінәлі емес екенін алға тартты. Сөзіне сенсек, әртістерден ақшаны басшылық  сұратқан.

Серік Салдаров, облыстық опера және балет театрының хормейстері: «Әншілерден жұмыста қалуы үшін 150 мың теңге сұратылғанын растаймын. Мен арқылы айтылған соманы басшылық сұратты. Бірақ ол ақша әлі жиналып алынған жоқ. Ал «Ақшаны мен өзім талап еттім», -деген мәтіндегі түсініктемені менен қысыммен алды, оны хор ұжымы көзбен көрді, куәгерлер бар7 Түсініктемені Тағаев Жәнібек қысыммен жаздыртты».