Ғалымдар ғаламдық қауіпсіздік жаңалықтарымен бөлісті

804
Экология

Оңтүстікте химиялық технология, экология, жер қойнауын тиімді пайдалану, жаңғыртылған энергия көздеріне арналған жобалар таныстырылды. М. Әуезов атындағы ОҚМУ мәжіліс залына жиналған алыс-жақын шетелден келген ғалымдар ғаламдық қауіпсіздікке қарсы төтеп беретін жаңалықтарымен бөлісті.

ЭкологияМұнда салауатты тағам жасау технологияларынан бастап энергия көздерін тиімді пайдаланудың түрлі нұсқалары ұсынылды. Оқу орны ғалымдарының жылуды тиімді пайдалану жобасы да ғылыми ортаның қызығушылығын туғызды.

Конференцияда жобалар тәжірибе ретінде сыналды. Мәселен, кәрістер экологиялық таза тоқыма өнеркәсібінде жұмыс істеудің үлгісін тауыпты.

Халықаралық форум ғалымдардың әріптестік байланысына жол ашты. Белорусиядан келген оқымыстылар шымкенттік ғалымдармен бірлесіп, студенттерге арналған оқу-әдістемеік құралдарды шығаруға кіріседі.

Конференцияда балаламалы қуат көздеріне, қоршаған ортаны қорғауға, жалпы табиғи ресурстарды тиімді пайдалануға арналған 135 еңбек таныстырылды. Үздік жобалар келер жылы Астана өтетін «Экспо-17» көрмесіне ұсынылады.