Оңтүстіктегі тыл ардагері Бибігүл Әлібаева 100 жасқа толды. Ғұмырын еліне адал еңбек етуге арнаған әжейді ел ағалары құттықтай келді. Ғасыр жасаған ардагердің мерей тойын атаусыз қалдырмауды елеген билік өкілдері құр қол келмеді.
Әлібаева Бибігүл 1915 жылы Төле би ауданында дүниеге келген. Соғыс жылдары темір тұлпардың тізгінін ұстап, тыл да еңбек еткен. 15 жасында тұрмысқа шығып, 25 жасында жесір қалған ер мінезді қазақ қызы 6 баласын өзі асырап, жетілдірген. Бүгінде 23 немере, 20 шөбере-шөпшектің ардақты әжесі.
Шынар Оразова