Шымкент: 100 жастағы әжей туған күнінде пневмониядан жазылып шықты

109

Шымкентте 100 жастағы әжей пневмониядан жазылып шықты. Қызтай Дүйсебекова жүзінші көктемін жұқпалы аурулар ауруханасында дәрігерлермен бірге қарсы алды.

Екі ғасырдың куәсі болған қарияны медицина мамандары 100 жасқа толған күнінде ауруханадан шығарып салды. Науқас 7 қыркүйек күні «Асар» шағынауданындағы жұқпалы аурулар орталығына ауыр халде жедел жәрдем көлігімен жеткізілген болатын. Дәрігерлер науқасқа өкпенің компьютерлік томографиясын жасап, әжейдің өкпе тінінің жартысынан астам бөлігінің зақымдалғанын анықтаған.

Бұған қоса әжейді асқазанындағы жарасы мазалапты. “Түскен кезде жағдайы ауыр болатын. Хаттамаға сәйкес ем жүргіздік. Қазір жағдайы бір қалыпты”, – дейді дәрігерлер.

Мақпал РЫСБАЕВА