«Мистер» дүкені түркиялық мамандарды шақырды*

434
Қысқы киімдер

Қылышын сүйреткен қыс таяғанда аяқ киім жайын ойлап, бас қатыратын жағдаймыз бар. Осыны ескерген «Мистер» сәнді киімдер дүкені маусым қарсаңында түркиялық мамандарды арнайы шақырды. Сәнгерлер биылғы жаңа үлгілерді ұсынып, тұтынушыларға дұрыс таңдау жасауға көмектесті.

Қысқы киімдерКәсіпкер Болат Байжанов қыстың қамына кірісті. Уақыты тапшы іскер бастан-аяқ жылы киімдерін түгелдеу үшін осында келді. Клиент таңдау кең, баға да көңілге қонымды дейді.

Дүкенде ерлер киімінің түр-түрі бар. Киім-кешектермен қоса аксесуарларды таңдап жүріп алуға болады. Сондай-ақ, сөрелерде үздік дизайнерлердің қысқы аяқ киім үлгілерінің де жаңа түсімі самсап тұр.

Ал түркиялық дизайнерлер биыл қоңырқай түстердің сәнде екенін айтады. Мамандар ең талғампаз клиент сұранысының да үдесінен шығуға тырысады. Тәжірибелі кеңесшілер киім-кешек таңдауға көмектесіп қана қоймай, әрбір келушіге дербес имидж ойластырып береді.

* – жарнама