ОҚО кәсіпкерлерге демеу жасалды

820
"Даму" қоры

«Даму» қорының Шымкент және Түркістан қалаларындағы кәсіпкерге қызмет көрсету орталықтарында «Даму-Көмек» бағдарламасы шеңберінде кәсіпкерлерге демеушілік көмек салтанатты түрде табысталды.

Солардың бірі — 34 жастағы Әлия Мамахан. Түркістан қаласының тұрғыны, ІІ топ мүгедегі денсаулығына қарамастан, бос отырмайды. 2012 жылдан бастап жеке кәсіпкер ретінде тіркеліп, «Қуаныш» базарында киім сататын шағын дүкенді жалға алған.

Әлия Мамахан
Әлия Мамахан

Құрақ көрпеше

Оған қоса тігіншілікті де кәсіп етіп отыр. Ісін дөңгелетсем деген кәсіпкер тігін машинасын алып беруге көмек сұрап, Түркістандағы «Қазақ соқырлар қоғамы» қоғамдық бірлестігіне өтінішін қалдырған.

Айман Төлеуова
Айман Төлеуова

Тағы бір Түркістан қаласының тұрғыны, үш баланың анасы Айман Төлеуова — ІІ топ мүгедегі. Ол да Түркістан қаласындағы орталыққа кондитерлік өнімдерді шығарып, жеке кәсібін бастау жоспарымен нан-тоқаштарды пісіруге арналған пешті алып беру өтінішімен келген.

"Даму" қоры

Ал 1975 жылы туылған Оксана Кислова — І топ мүгедегі. Ол «Даму» қорының Шымкент қаласындағы КҚКО тігін тігіп, жеке қызметтер көрсету үшін тігін машинасын алып беру өтінішпен келді.

 

Оксана Кислова
Оксана Кислова

"Даму" қоры

Өтініштер қысқа уақыт ішінде қаралып, демеушілер де лезде табылды. Тағдыр талқысына мойымаған жандарға Түркістан қаласында Марал Ізтілеуова, Мәншүк Баянбаева және Шымкент қаласында Ержан Байдлаев сынды мейірімді азаматтар демеушілік көрсетті.

"Даму" қоры

Мүмкіндігі шектеулі жандар өз кезектерінде демеушілерге және «Даму» қорына көрсетілген көмектері үшін шын жүректен алғыстарын білдірді.

damu.kz