Президенттік көпсайыстан ел тарихында алғаш рет Қазақстан чемпионаты Шымкентте өткен болатын. Жерлестеріміз спорттың 7 түрі бойынша сынға түсті. Республикалық жарысқа 11 команда қатысты. Олардың арасында Оңтүстіктің құрама командасы да бар.
Жарыстың екінші күні отандастарымыз гимнастикалық жаттығуларда ептілік танытуға тырысты. Ұлдар кермеге тартылса, қыздар гимнастиканың өзге жеңіл түрлерінде сынға түсті. Әр команданың құрамында 18 спортшы болуы шарт және олар спорттың жеті түріне де қатысады.
Нәтижесінде облысымыздың қоржыны 18 жүлдемен толықты. Алайда, жалпы командалық есепте 9-орынды ғана қанағат еттік.
Бас кубокты қостанайлықтар жеңіп алса, кеншілер мекенінен келген қонақтар алғашқы үштікті қорытындылады.