Прокурорлар: «Ауруын жасырған – өледі»

374
прокуратурада тілішілерге есік ашық

Ауруын жасырған – өледі! Өңірімізде жасөспірімдерге жасалатын жыныстық зорлық-зомбылық өткен жылмен салыстырғанда 1,5 есе өскен. Мұндай жаға ұстатарлық фактілерді прокурорлар хабарлап отыр.

прокуратурада тілішілерге есік ашық

Облыстық прокуратура жанындағы үйлестіру кеңесінің мүшелері үлкен жиында бас қосты. Осы жерде құзырлы орган өкілдері балабақша мен мектептен бастап полицияға дейін жыныстық қылмыстың алдын алудағы жұмысы жеткіліксіз деп отыр.

Қайрат Әбдіханов, ОҚО прокурорының орынбасары: «2015 жылдың 9 айында жасөспірімдерге қарсы жыныстық қылмыс 45,7 пайызға көбейген. Ал осы бағыттағы жауапты мамандардың жұмысы тиімді әсер бермей отыр.»

Ал осы тұста прокурорлардың шұғыл тобының дер кезінде араласуымен жеткіншек қыздарға қарсы жыныстық зорлықтың екі фактісі ашылған. Сұмдық жағдайдың бірі Сарыағаш ауданында, ал екіншісі Қаратау ауданында болған. Бұл тұста интернеттің де кері әсері көп. Осындай жағдайдың алдын алу үшін прокурорлар білім басқармаларында ғаламтордағы күдікті сайттарды бақылап отыратын маман жұмыс істеуі қажет дейді.