Сарыағашта полицейлер мен оқушылар рейд өткізді

331
Рейд

Оңтүстіктегі Сарыағаш ауданы аумағында полицейлер жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында алдын алу іс-шарасын өткізді.

Рейд

Жыл басынан бері 10 айдың ішінде аудан көлемінде 181 жол-көлік оқиғасы тіркелген. Соның салдарынан 40 адам опат болып, 289 адам түрлі жарақат алды. Осындай келеңсізідктің алдын алу мақсатында ауқымды рейд ұйымдастырылып отыр.

Рейд

Іс-шара 16 қарашадан бастап 1 ай бойы жалғасады. Оған білім беру мекемесінің басшылары, жастар орталығы, Сарыағаш ауданы мектеп директорлары мен оқушылары толық жұмылдырылды.

Рейд

Аудан орталығы жолдарында «Біз жол көлік оқиғасына қарсымыз!», «Әке, сіз бізге керексіз!», «Сізді үйде отбасыңыз күтуде!» деген жазулары бар насихат парақшалары таратылып, автокөліктердің артқы әйнектеріне жабыстырылды.

Рейд

Ұйымдастырушылар жүргізушілерге жол-көлік оқиғасының алдын алу жайлы, жаяу жүргіншіге абай болу, жылдамдықты асырмау керектігі жайлы түсіндірді.

Рейд