Шымкенттік самбошы әлемнің үш дүркін чемпионы атанды

362
Арман әлемнің үш дүркін чемпионы атанды, фото vesti.kz сайтынан алынған

Халықаралық самбо күнінде Оңтүстік самбошылары жерлестеріне әлем чемпионатының алтын медалін сыйлады. Мароккода өтіп жатқан байрақты сынақта Арман Оспанов бірінші орыннан көрінді. 68 келі салмақта сынға түскен жерлесіміз ақтық кездесуде ресейлік Рашад Мурадовтан басым түсіп, әлемнің үш дүркін чемпионы атанды.

Арман әлемнің үш дүркін чемпионы атанды, фото vesti.kz сайтынан алынған
Арман – әлемнің үш дүркін чемпионы атанды. Фото: //vesti.kz

Ал әйелдер арасында күрескен Гауһар Тұрмаханова күміс медальды жеңіп алды. Бойжеткен ақтық сында сүрінді. Гаухар үшін бұл сынақ – ауыр жарақатынан кейінгі алғашқы додасы. Сол себепті осыған дейін самбодан әлем чемпионы атана білген жерлесіміз үшін күміс медальдің өзі жақсы нәтиже.

Гаухар Тұрмаханова үшін бұл екінші жүлде, фото спортшының жеке парақшасынан алынған
Фото Гауһар Тұрмаханованың жеке парақшасынан

Қазақстанның қоржынына екінші алтын медальді 52 келі салмақта күрескен Алмас Сүлейменов салды. Нәтижесінде әлем чемпионатының командалық есебінде Қазақстан құрамамы Ресей мен Болгариядан кейінгі үшінші орынға тұрақтады.