22 желтоқсанда Қазақстан аумағында энергетиктер күні тойланды. Мереке құрметіне орай облыс әкімі Бейбіт Атамқұлов мамандарды кәсіби мерекесімен құттықтады, арнайы алғыс хат тапсырып, гүл шоқтарын тарту етті. Құрметке бөленгендер қатарында «Қазақстанның құрметті энергетигі» төсбелгісімен марапаттталғандар да бар.
Батырша Маханов, «Қазақстанның құрметті энергетигі» төсбелгісінің иегері: «Бұл төсбелгі мен үшін үлкен дәреже, жауапкершілік деп білемін. Елдің жарықпен қамтылып, өмірінің жарқын боуы үшін сүбелі үлесімізді ескерген жергілікті билікке айтар алғысым шексіз! Біздің қызметте талай қиындықтар кездесті, тіпті халықтың Кеңес үкіметі кезінде энергия қуатынсыз отырған кездері де есімізде. Бүгінгі күнге шүкірлік дейміз! Елбасымыздың «Ехро-2017″ халықаралық көрмесіне де осы энергия қуатының орны ерекше дегенін білеміз. Бұл мемлекетімізде осы саланың кеңінен дамуына бастайтын көрме болары анық».
Айта өткен жөн, бүгінде өңіріміздегі энергетика саласында 5,5 мыңнан астам қызметкер жұмыс жасайды. Салтанатты шарада облыс әкімдігі тағайындаған сый-таралғысына жыл бойы үздік еңбек еткен 80 маман ие болды.
Сондай-ақ, кеш кейіпкерлері көптің алдында биыл Оңтүстікте 440 электр қондырғысы пайдалануға беріліп, нәтижесінде 235 40 тұрғын үздіксіз сапалы жарыққа қол жеткізгенін марқая мәлімдеді.