Шығыс Қазақстанға 50 отбасы қоныс аударды

404
Әсия Темірбаева
Әсия Темірбаева

Облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы Елбасының жолдауы бойынша журналистермен брифинг өткізді. Әсия Құралқызының мәлімдеуінше, Оңтүстік өңірінде күнкөріс деңгейі өте төмен 170 мыңнан астам азамат бар. Ол облыс халқының 6,1 пайызын құрайды. Ал келер жылы зейнетақы, жәрдемақы, бюджет қызметкерлерінің жалақысы өсіп, шәкіртақының да көлемі артпақ.

Әсия Темірбаева
Әсия Темірбаева

Оңтүстік өңірінде 1 100 000 адам жұмыспен қамтылған. Жаңа еңбек кодексі жұмыс берушілер мен жұмысшылардың арасындағы еңбек қатынасын реттейді. Құжатта жеке еңбек келісім-шарттарының міндеттемелері мен маңыздылығына және ұжымдық шарттарға басымдық берілген.

Біліктілігі жоғары қызметкерлердің жұмыс орнын сақтап қалу үшін уақытша субсидиялар бөлінеді және оқу гранттары қарастырылады. Жұмыспен қамту мақсатында биыл 50 отбасы Шығыс Қазақстанға қоныс аударған. Келер жылы зейнетақы, жәрдемақы, бюджет қызметкерлерінің жалақысы өсіп, шәкіртақының да көлемі артпақ.

Жаңа жылдан бастап зейнетақы – 9 пайызға, мүгедектер мен асыраушысынан айрылғандардың жәрдемақысы 25 пайызға өседі. Яғни, 2016 жылы зейнетақының ең төменгі мөлшері – 23 692, ең жоғары мөлшері 60 847 теңге төңірегінде болады. Ал әлеуметтік жәрдемақылар мүгедектік тобына қарай төленбек.

Шынар Оразова