Қоғамда дағдарыс дендеген заманда қомақты пайда табудың көзі мен аз-кем уақыттың ішінде жетістікке жетудің жолы бар. Мұны меңгергіңіз келсе, сіз үшін Шымкентте семинар-сабақ өтеді.
Ұйымдастырушылардың айтуынша, жаттығу-сабақ жеке бастаманың дамуына, өркендеуіне сеп болады. Ең бастысы, қиындықтарды еңсеруге бағытталған сабаққа қатысу — тегін.
Адамның бойындағы ерекше қабілет, оны анықтау мен дамыту, сол арқылы түрлі салада жетістікке қол жеткізу. Мұны білікті бизнес-жаттықтырушы, үздік оқыту жүйесінің шебері, ТМД елдері арасында «Брайан Трейси» бағдарламасы бойынша арнайы сертификаттың иегері Алма Архабаеваның өзі үйретеді. Маман өмірдегі ұстаным мен қағиданы дұрыс бағытта өзгертуге яғни сәттілікке бастайтын жоспарларды, оны жүзеге асырудың тиімді тәсілдерін айтады.
Алма Архабаева, «Асыл арман» компаниясының бас директоры: «Түрлі кедергілер мен кәсіпте кездесетін өзге де жағдайларды жеңу үшін адам, ең алдымен, жеке жоспар түзуі қажет. Өзін сол арқылы басқаруы маңызды. Ал қазір жоспармен қадам жасайтындар аз, себебі, оны бойлап, түсіне бермейді. Міне, бұл қателікті жою үшін, аталған семинардың маңызы зор. Яғни, семинар адамдардың уақытты үнемдеп, жоспар арқылы жұмыс жасауын қадағалайды. небәрі 3 айдың ішінде өмірде жекелей өсуге қол жеткізіп, әлеуметтік жағдайды жақсартуға болады. Жыл соңында әр қатысушы дағдарысты жеңіп, тиесілі салада жетістікке жеткенін көзбен көре алады деп сенемін».
Семинар-сабақтың аясында келген көпшілік білімді бастауыш баспалдақтан бастап меңгереді. Себебі шараның көздегені де осы — жетістікке мыңнан бір емес, семинарға қатысқан әрбір адам қол жеткізуге құқылы екенін ұқтыру. Және қарпайым ғана қадамдар арқылы.
— Ең алдымен — уақыт, оны үнемдей білу керек. Әрбір қадам жасайтын кезде де сенімділік қажет. Ал семинар — ол ештеңемен алмастыра алмайтын сабақ, себебі, адам онда ертегіні көрмейді, шынайы жұмысты, шынайы жетістікті, көшбасшыны көзбен көреді. Соған талпынады, мақсат қояды. Осылайша еңбекке деген қызығушылығы артып, мыңдаған сәтті баспалдақты басып өткенін байқамай да қалады, — дейді Алма Архабаева.
Айта өтейік, «Жетістік академиясы» атты ауқымы кең жобаға қатысу үшін тек бір ғана қадам жасап, оған бет бұрсаңыз жеткілікті. Тыңдаушы тарап ретінде көптеген пайдалы әрі маңызды білімді тегін аласыз.
Халықаралық жоғары мәртбесесі бар қазақстандық кәсіп-жаттықтырушылары 19 желтоқсан күні сағат 10:00-ден бастап «Алтын орда» бизнес -орталығында қызмет етеді. Ендеше, семинардан қапы қалмаңыздар!