Қазақстанда дағдарысқа қарсы шаралар жөніндегі жедел штаб құрылды

101

Дағдарысқа қарсы шаралар жөніндегі жедел штаб құрылды. Үкімет басшысы Әлихан Смайыловтың өкімімен құрылған штаб Ресейге салынған санкциялардың ел экономикасы мен бизнеске әсерін қарастырып, содан туындаған проблемаларды шешеді.

Жедел Штаб құрамына негізгі мемлекеттік органдардың бірінші басшылары, кәсіпкерлік қауымдастығының өкілдері және салалық сарапшылар кірді. Сондай-ақ отандық бизнес пен сарапшылар қауымдастығының өзге өкілдері де қатыса алады.

Кеше Жедел Штабтың алғашқы отырысы өтті. Онда көлік және логистика, контрагенттер арасындағы өзара есеп айырысу мәселесі талқыланды.

Шынар Оразова