Грекия 12 жылдан соң несие беруші ұйымдардың бақылауынан алынды

27

Еуропа Одағының несие беруші ұйымдары Греция экономикасынан 2010 жылғы дағдарыстан соң берілген көмек аясында енгізілген «күшейтілген бақылау» жүйесін алды.

Естеріңізге сала кетейік, Греция банкротқа ұшыраудан қауіптеніп, Еуропа Одағынан 2010 жылы көмек сұраған болатын. Сол уақыттан бері Афины қаржылық қолдаудың үш пакетін пайдаланып, несие берушілердің талабы бойынша қатаң үнемдеуге көшкен. Грецияның дағдарыстан өткені туралы ресми түрде 2018 жылы жарияланды. Несиелер 2070 жылға дейін жабылуы керек.