Úı Jańalyqtar Шымкентте медицина колледжінің жаңа корпусы ашылды

Шымкентте медицина колледжінің жаңа корпусы ашылды

Медицина колледжінің оқу ғимараты

Мереке қарсаңында тағы бір жағымды жаңалық. Шымкентте 85 жылдық тарихы бар қалалық медицина колледжінің жаңа оқу-клиникалық корпусы ашылды.


8 мамандық бойынша дәрігерлерді дайындайтын оқу базасының ашылу рәсіміне облыс басшысының өзі қатысты. Жаңа ғимаратты аралап, болашақ дәрігерлерге жасалған жағдаймен танысты.

65988998

Оқу-клиникалық орталықта 16 кабинет пен 8 зертхана бар. Сондай-ақ, дәрі-дәрмектер сақталатын 5 бөлмесі мен бірнеше оқу кабинеті қарастырылған. Мұнда студенттер симуляциялық жабдықтармен, яғни, адам ағзасына сәйкестендірілген фантом, муляждармен тікелей жұмыс жасайды.


Сонымен қатар іс-тәжірибеде жүрген орта білімді медицина қызметкерлері де жаңа мекемеде көбіне теориялық сабақтарды өткізіп, толықтай біліктілігін арттыруына болады.