Түріктердің қазақ шығармаларына қызығушылығы артуда

437

Қазақ қаламгерлерінің түркиялық оқырмандары көбеюі мүмкін. Стамбұлдан келген белгілі ақын-жазушылар облыс әкімінің орынбасары Ерлан Айтахановпен өткен кездесуде осылай деді.

Айтуларынша, бүгінде санаулы жазушының шығармалары шет тіліне аударылған. Ал сұраныс көлемі күн санап артып жатыр. Сондықтан, түркиялықтар біздің қаламгерлердің әдеби туындыларын аударып, оны өз елдерінде таныстыруды қолға алмақ.

Ерлан Қуанышұлы шетелдік меймандарға тарихи кітаптарды тарту етті
Ерлан Қуанышұлы шетелдік меймандарға тарихи кітаптарды тарту етті

Жиынға Башқұртстан композиторлар одағының төрағасы Нұр Дауытов пен Қырғызстанның композиторы Түгелбай Қазақов, көршілес Өзбекстанның академигі Мирполат Мирзо арнайы келді. Қазақ ақындарының өлең жолдарына жазған әндерін таныстырды. Қарақалпақстандық журналист Айжамал Қожамұратова да күнгейлік жазушылардың еңбектеріне деген құрметін ерекше атап өтті.

Ақын-жазушылар өзара шығармашпалық байланыс орнатуға ұсыныс жасасты. Ал меймандарды қабылдаған облыс әкімінің орынбасары Ерлан Қуанышұлы шетелдік қонақтарға алғыс хаттар тапсырып, еңбектеріне шығармашылық табыс тіледі.

12310513_1640459809556399_4369768216571110923_n

Фатма Хатун Есен, ақын, жазушы (Түркия): «Қазақ қалагерлерінің ой ұшқырлығына, идеологиясына таң қаламын. Шытырманға толы шығармалар бастапқыда кейіпкердің өмірінен басталып, ортаңғы оқиғада жалпыға өтеді, қоғамдық мәселелерді қаузайды. Соңында түйінді оқырманның ойымен, онымен бірлесе отырып тарқатады. Осылайша Оңтүстіктің жазушылары халықты тәрбиелейді. Әріптестерімнен осы тәсілді меңгергім келеді. Ал жазушыларына қолдау көрсетіп жүрген жергілікті билік өкілдерінің еңбегі жана берсін!»