Қазақстанның ұлттық олимпиада комитеті Оңтүстіктің қос спортшысын ерекше атап өтті

425
Нұрсұлтанды Рио Олимпиадасынан бір қадам ғана алшақтатып тұр, фотоkazsport.kaztrk.kz сайтынан алынған.

2015 жылда орын алған жеңістер мен жеңілістерді Қазақстанның ұлттық олимпиада комитеті де қорытындылады. Қой жылы еліміз үшін олжалы болды. Оның ішінде оңтүстікқазақстандықтар үшін жемісті болды деп сеніммен айта аламыз.

Өйткені, Бразилияда жалауы көтерілетін жазғы Олимпиада ойындарына 12 жерлесіміз жолдама жеңіп, республикада жолдама саны бойынша бірінші орында келеміз. Содан болар, комитет сарапшылары шымкенттіктерді марапатсыз қалдырмады.

Нұрсұлтанды Рио Олимпиадасынан бір қадам ғана алшақтатып тұр, фотоkazsport.kaztrk.kz сайтынан алынған.
Нұрсұлтанды Рио Олимпиадасына бір қадам қалды. Фото: //kazsport.kaztrk.kz

Жасөспірімдер арасында өткен Олимпиада ойындарында жүлделі болып, 2015 жылы Оңтүстік Кореяның Кванджу қаласында ұйымдастырылған жазғы универсиада ойындарында Қазақстан қоржынына алтын медаль салған жерлесіміз Нұрсұлтан Мамаевқа «Жыл үміті» номинациясы тапсырылды.

Таэквондодан 58 келіде сынға түскен оңтүстік қазақстандық спортшы Нұрсұлтан Мамаев жазғы книверсияданың чемпионы атанған болатын. Ол финалда І Еуропа ойындарының жеңімпазы португалиялық Ребело Браганканы 2:0 есебімен ұтып, ел туын биікке көтерді.

Ал жеңіске деген талпынысы үшін Оңтүстіктің мергені Юрий Юрков та ерекше аталып өтілді. Оқ атудан әлем кубогінде чемпион атанған жерлесіміз Рио Олимпиадасының да жолдамасын қоржынына салып қойған. Ендігі үміт Юрийдің Бразилияда топты жаруы болып отыр.