Шымкентте тоқыма ісі дамып келеді

659
«AZALA Textile»

Шымкентте тоқыма кешенінің өндірістік желісі төсек-орын, түкті тоқыма мен осы тектес басқа да бұйымдар шығарып, табысты жұмыс жүргізуде. «AZALA Textile» ЖШС компаниясының базасында мақтадан жіп шығару, ал жіптен мата өндіру қарастырылған. Сонымен қатар, матаны бояуға мүмкіндігі бар әрлеу цехі де салынды, деп хабарлайды облыс әкімдігінің баспасөз қызметі.

«AZALA Textile»Осылайша «AZALA Textile» мекемесі толық циклді терең өңдейтін фабрикаға айналды. Жобаны іске асыру барысында 3,8 млрд теңге көлемінде инвестиция тартылды. Нәтижесінде фабрикада жылына 2, 3 млн дана төсек бұйымдарының жинағы мен 10,4 млн дана тігілген түкті бұйым шығаруға мүмкіндік бар. Жоба бойынша 584 жаңа жұмыс орны ашылды.

«AZALA Textile» ЖШС компаниясының басшылығы (ол кезде «South Textiline KZ» ЖШС) тоқыма өндірісін кеңейту, жаңа әрлеу және тігін цехтарын салу туралы шешім қабылдады. Мақта-мата өнімдерін шығаруда «Benninger» (Швейцария) және «Picanol» (Бельгия) еуропалық компаниялардың жабдықтары қолданылады.

Заманауи тоқыма өнеркәсібінің талаптарына сай жіп иіру өндірісінде «Rieter» (Швейцария) фирмасының жабдығы орнатылған. Сонымен қатар, жетекші еуропа өндірушілердің «TISS» (Германия), «Zimmer» (Австрия), «Manfrost» (Германия) және «Byanko Line» (Италия) жаңа желілері орнатылған.

Фабриканы шикізатпен Мақтаарал ауданындағы «Мырзакент» мақта өңдеу зауыт қамтамасыз етуде. Аталған зауыт өздігінше қытайлық мақта сортын (республикада баламасы жоқ) өсіреді және оны американдық технологиямен қайта өңдейді.