Шымкент қаласының әкімі Ғабидулла Әбдірахымов жергілікті полиция қызметінің бастығын таныстырды. Бұл қызметке осыған дейін Сайрам аудандық ішкі істер бөлімін басқарған Данияр Мейірхан тағайындалды.
Айта кетейік, бұл құрылым жасөспірімдер қылмысымен күресіп, қоғамдық тәртіпті сақтаумен айналысады. Тәртіп сақшыларының жалпы жиналысында қала басшысы жауаптыларға қылмыспен күресті күшейтуді тапсырды. Бұл ретте жергілікті билік өкілдері ішкі істер қызметкерлерімен бірлесе жұмыс істеуге дайын екендерін жеткізді.