«Құшақтап алмаппыз» үздік режиссер жұмысы деп танылды

Айдос Ералы- Бас жүлде иегері

Шымкентте әуесқой режиссерлердің «КиноАРТ – 2016» кинофестивалі өз мәресіне жетті.  Осымен үшінші рет шымылдығын түрген байқауға алғашында 75 қатысушы өтініш білдірген. Қазылар алқасы ақтық мәреде бірнеше іріктеуден сүрінбей өткен 13 жас режиссердің арасынан үздікті анықтады.

10413276_1513354498969924_975920501_n

Кинофестивальге кәсіби білім алатын және әуесқой болашақ мамандар қатысып, бақ сынады. Үміткерлердің жасы мен тақырып таңдауына шектеу қойылмаған. Алайда болашағын режиссура саласымен байланыстырғысы келетіндердің көбісі қоғамның түйткіл мәселелерімен қатар жастардың интернетке тәуелділігі мен жетім және тастанды балалардың жағдайын 10 минуттық туындыларына арқау еткен.

Айдос Ералы- Бас жүлде иегері
Айдос Әбдікариев – бас жүлде иегері

Сонымен, сайыстың қорытындысы бойынша бас жүлдені Айдос  Әбдікариев иеленді. Жүлдегердің «Құшақтап алмаппыз» атты туындысы үздік деп танылды. Жеңімпаз енді келер жылы болатын кинофестивальге қазылық етіп, республикалық жарыстарға қатысуға жолдама алады.

Әбдікерім Мүтәлі - фестивальдің екінші орын иегері
Әбдікерім Мүтәлі – фестивальдің екінші орын иегері

Фестиваль ұйымдастырушысы Еркебұлан Жолдасов жыл сайын қатысушылардың деңгейі артып, сапалы фильмдердің түсірілуі куантады дейді.

Е. Жолдасов пен Н. Адилханов
Е. Жолдасов пен Н. Әділханов