«Қазақ еліне мың алғыс»: Шымкентте алғыс айту күні тойланды

212

1 наурыз Алғыс айту күніне орай шымкенттік түрлі этнос өкілдері «Қазақ еліне мың алғыс» монументіне гүл шоқтарын қойды. Ал мерекелек кеш Астана қаласымен байланыстырған телекөпірге ұласты. Онда Ақпараттық және қоғамдық даму министрі барша қазақстандықтарды айтулы мерекемен құттықтады.

1 Наурыз Алғыс айту күніне орай шымкенттік этнос өкілдері «Қазақ еліне мың алғыс» монументіне гүл шоқтарын қойды. Шараға қаламыздағы түрлі диаспора өкілдері қатысып, барша қазақ еліне алғысын айтты.

«Ұлы даланың перзенттері, Ұлы дала перзенттеріне осы елде өмір сүріп жатқанымызға шүкіршілік етіп, бір бірімізге алғыс айтуды жалғастыруымыз керек» – дейді өзбек этносының өкілі.

«Алғыс күнімен Корей этно мәдениетінің атынан құттықтаймын. Аспанымыз ашық болсын. Шаңырағымыз биік болсын» -дейді Кәріс этносының өкілі

Мерекелік іс-шара бас қаламен байланыстырған телекөпірге ұласты. Онда барша этнос өкілдері онлайн жүздесіп, айтулы күннің маңыздылығы саралады. Сонымен қатар Ақпараттық және қоғамдық даму министрі ұлт аралық достықты дәріптеп, қазақстандықтарға жылы лебізін жеткізді.

Дархан Қыдырәлі, ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрі: «Ең әуелі баршаңызды Алғыс айту күнімен құттықтаймын. Наурыз айы – алғыс пен тағзымның айы. Бұл айды балаларымыз жаңа жылдың бастауы санайды. Ендеше жыл басының алғыс айтумен, бір-біріне разылық, жылы жүрекпен басталуы заңдылық сияқты. Көктемнің алғашқы мерекесі мейірім мен жанашырлықты дәріптейді”

Алғыс айту күніне арналған жиында қаланың дамуына сүбелі үлес қосқан азаматтар марапатталып, оларға бағалы сыйлықтар табысталды. Ал керемет кеш өнерпаздардың әдемі концерттік бағдарламасына ұласты.