«Нұр Отан» партиясы депутаттыққа үміткерлер тізімін бекітті

454
«Нұр Отан» партиясы

Оңтүстікте «Нұр Отан» партиясы филиалының кезектен тыс конференциясы өтті. Аудандар мен қалалардан келген делегаттардың қатысуымен ұйымдастырылған конференцияда «Нұр Отан» партиясының «Қазақстан – 2021: Бірлік. Тұрақтылық. Жасампаздық» атты сайлауалды бағдарламасы бойынша алдағы уақытта атқарылатын жұмыстар нақтыланды.

«Нұр Отан» партиясы

Облыс әкімі, облыстық филиал төрағасы Бейбіт Атамқұлов төрағалығымен өткен мәжілісте «Нұр Отан» партиясы облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Берік Оспанов баяндама жасады.

– Елбасы, партия төрағасы жүктеген ауқымды міндеттерді орындау, әлеуметтің әлеуетін көтеру сынды басымдықтарды іске асыру жолында жұмыла жұмыс істейміз. Айқын мақсаттарға қалай жетуді білеміз. Біз ол үшін нақты іс-қимыл жоспарын басшылыққа алып тындырымды тірлік атқарамыз.

«Нұр Отан» партиясы

Тақырыпқа сай Мақтаарал аудандық партия филиалы төрағасының бірінші орынбасары Әбдіманап Байдуллаев, «Жанубий Қозоғистон» газетінің бас редакторы Фахриддин Қаратаев, Түлкібас аудандық партия филиалына қарасты бастауыш партия ұйымының төрайымы Ақбала Айтбаева сөз сөйледi.

«Нұр Отан» партиясы

Конференция барысында партия тарапынан облыстық мәслихат депутаттығына үміткер 50 үміткердің тізімі жарияланды. Мәжілісті қорытындылаған Бейбіт Атамқұлов партия активіне айқындалған міндеттер бойынша бірқатар тапсырмалар беріп, алдағы саяси науқанға дайындықты қолданыстағы заң аясында жүргізіп, үгіт-насихат жұмыстарын жинақы әрі мақсатты іске асыруды жүктеді.

«Нұр Отан» партиясы

«Нұр Отан» партиясы ОҚОФ баспасөз қызметі