«Шымкенсыраны» Тоқтар Төлешевтің ұлы басқарады

202
Шымкент сыра зауыты
Шымкент сыра зауыты

Шымкенттегі «Шымкенсыра» зауыты жұмысын тоқтатпайды. Кәсіпорын басшысы Төлешовке қатысты тергеу амалдары өндірістің берекесін қашырмайды. Бизнесменнің қорғаушысы Евгений Яворский бастаған зауыттың бірқатар топ-менеджерлері баспасөз мәслихатын өткізіп, осылай деді.

Шымкент сыра зауыты
Шымкент сыра зауыты

Зауыттың штаттық режимде жұмыс жасап жатқанын жеткізген топ-менеджерлер жуық арада қызметкерлер жалақасының да төленетініне сендірді. Алайда, қарыз сомасы нақтыламады. Кәсіпорын жұмысшыларына еңбекақының қай күні өтелетінін де ашып айтқан жоқ. Бір белгілісі, зауытта жұмыс істейтін қызметкерлердің дені желтоқсан айындағы жалақысын ала алмай отыр. Басшылар мұны қысқы ауа райына байланысты өндірілетін өнім көлемінің 5-6 есеге азаюымен байланыстырып отыр.

Қазір алпауыт кәсіпорынды кәсіпкердің ұлы басқарады. Төлеген Тоқтарұлы өндірісті жолға қойып, қызметкерлері мен әріптес компанияларының алдындағы борышын толығымен өтейді деген сенім басым.