Шымкентте жанармай арзандады

527
Жанармай бекеті

Шымкенттік жүргізушілер соңғы күндері кейбір жанар жағар май құю бекеттеріндегі бағаға аң-таң болып жүр. Қаланың кей жерлерінде АИ-92 маркалы бензиннің бір литрі 115 теңгеден сатыла бастады.

Жанармай бекетіБіршама арзандаған баға негізінен Шымкент мұнай өңдеу зауытының (ШНОС) жанар-жағармай бекеттерінен байқалады. Ал енді кейбір бекеттерде бензинді 117 теңгеден сатып алуға да болады. Дегенмен, бағаны 125 теңгеден төмендетпеген жанармай бекеттері де бар.