Тегін медициналық тексеруден өтіңіз!

285

Қатерлі ісік ауруының алдын алыңыз! Бұл үшін облыстық онкологиялық диспансердің жанындағы емханада тегін профилактикалық жұмыстар өтіп жатыр. Яғни, өңірдегі кез келген азамат жатыр мойны, тоқ ішек және сүт безінің қатерлі ісігі бойынша тегін медициналық тексеруден өте алады.

vlcsnap-2016-02-04-13h05m41s53

Қатерлі дерттің алдын алуға арналған шара 1-10 ақпан аралығында өтеді. Оның аясында облыстық онкологиялық диспансердің дәрігерлері кеңестер беріп, анықталған тұстарға қатысты ем-дом жүргізудің жолын ұсынады. Өңірдің кез келген тұрғыны осында келіп тегін медициналық тексеруден өте алады.


vlcsnap-2016-02-04-13h03m52s92

Тексеруден өту үшін дәрігердің жолдамасы қажет емес. Алайда, обыр ауруының кей түрлерін тексеру, кеңес беру – ақылы. Ал жатыр мойны, тоқ ішек және сүт безі қатерлі ісігін анықтау мақсатындағы шаралар тегін деп ескертеді дәрігерлер.