«Білім жолы» интеллектуалды марафоны басталды

464
интеллектуалды марафоны

Шымкентте «Білім жолы» интеллектуалды марафоны басталды. №24 мектеп лицейде бастауын алған шара мамыр айына дейін жалғасады.

интеллектуалды марафоны

Интеллектуалды марафонға қаладағы 18 мектеп пен бес балабақша тәрбиеленушілері қатысуда. Марафонға арнайы іріктелген 180 оқушының жас айырмашылығы 5-11 жас аралығында.

интеллектуалды марафоны

Топтық құрамда сайысқа түсетін оқушылар есеп шығару, тақпақ оқумен қатар спорттық жағынан да өздерін көрсетулері шарт. Балалар он бекеттегі берілген тапсырманы орындап қана қоймай, оны жүгіріп өтулері шарт. Ал, мамыр айында жеңімпаз атанған топ республикалық сайысқа жолдама алады.