Біраз шымкенттіктер жеке жылу қазандығын орнатуда

213
Жылу. Шымкент. ТЭЦ-3
Жылу. Шымкент. ТЭЦ-3

Шымкенттіктердің біразы орталықтандырылған жүйеден бас тартып, дербес қазандық орнатуға бет бұрған. Былтырдан бері жылу беру маусымына жауапты болған «Қуатжылуорталық-3» орталығының мамандары осылай деп отыр.

Жылу. Шымкент. ТЭЦ-3

Бүгінгі есеп бойынша осы орталықтан жылу тұтынушылардың саны 18 мыңға азайған. Орталықтандырылған жылу жүйесінен осы күнге дейін 221 бюджеттік мекеме, 845 коммерциялық нысандар жылу алды.

Ал төлемдер бойынша заңды тұлғалардың 93,4 пайызы  есеп айырысып үлгеріпті. Жалпы жылу беру маусымынан көрсетілген қызмет үшін 2 млрд 48 млн теңге түсуі тиіс.