Шымкентте «Shymkent Bike» велостансасы ашылады

373
"Shymkent Bike" велостансасы

Шымкентте велосипед жалға берілетін «Shymkent Bike» автоматтандырылған стансалар жобасы жүзеге асырылады. Жобаның алғашқы сатысында «Самұрық-Қазына» қорының қолдауымен 200 велосипедті сатып алу және 40 стансаны орнату көзделген. Бұл туралы қала әкімі мәлімдеді.

"Shymkent Bike" велостансасы

Шымкентте алғаш рет жүзеге асқалы отырған жобаның баспасөз-мәслихатына шаһар басшысы Әбдірахымов Ғабидолла, Қазақстан велоспорт федерациясының вице-президенті, «Астана» президенттік кәсіби клубының атқарушы директоры Аманбек Кульчиков, олимпиада чемпионы және велоспорт әлемчемпионы, «Astana Women’s Team»әйелдер велокомандасының бас менеджері Зульфия Забирова және «Velocity» Қоғамдық қорының техникалық директоры Ерлан Жамалов қатысты.

"Shymkent Bike" велостансасы

Осыған ұқсас «Astana Bike» жобасы елорданың тұрғындары мен қонақтары арасында сұранысқа ие. Өйткені қолданылуда тиімді әрі бағасы да қолжетімді. Астанада қазірде 1000 велосипед және 150 станса бар.

Қолданушылар саны екі мыңнан асады. Ал Шымкентте ауа райының қолайлығына байланысты аталмыш жоба жыл бойы жүзеге асады деп күтілуде.

Бұл жобаны жүзеге асыру үшін қалада велосипедшілерге арналған жол салынады деп күтілуде. Оның құрылысы жақын күндері Тәуке хан даңғылы мен Тәшенов көшесінің қиылысынан басталып, Бауыржан Момышұлы даңғылына дейін жалғаспақ.

— Шымкентте 40 велостанция салынады, — деп хабарлады жаңалықты қала әкімі Ғабидолла Әбдірахымов. — Онда кез келген азамат тиісті карточканы пайдаланып, велосипедті жалға алуына, көздеген жеріне жетуіне болады. Қалада жүруді оңайлату үшін мүмкін болар жердің бәріне велосипедке арналған жолақ салынады. Ал мүмкін болмаса, жаяу жүргіншілер жолы кеңейтіледі.