«Shymkent City Bike»: қосымша велосипедтер сатып алынады

482

«Shymkent City Bike» жақын арада қосымша велосипедтер алмақ. Миллион тұрғыны бар қалаға 200 ғана велосипед аздық етуде. Бұл жобаның велоиндустрияда өзіндік орны бар. Мамандар соңғы әлетте велосипедтерді пайдаланушылар қатары артып келеді дейді.

Бүгінде үшінші мегаполисте 39 велостанса бар. Онда 200 велосипед бар. Ұрлауға, сындыруға қарсы арнайы құрылғылармен жарақтандырылған. Дегенмен де көшеде қаңтарылып тұрған шайтанарбалардың майда – шүйде құрылғыларын ұрлап кететіндер де жоқ емес екен. Көбіне қоңырауларын, жарықшамдарын қолды етеді.

Абонементті төлемақы да аса қымбат емес. Айлық төлем – 1 мың теңге болса, жылдығы 10 мың теңге тұрады.