Шымкентте тәулік бойы жұмыс істейтін балабақша ашылды. Жаңадан бой көтерген мектепке дейінгі орталықта балғындардың сапалы білім алу үшін барлық жағдай жасалынған. Тіпті жекеменшік мекеме ата-аналардың қалауы бойынша сенбі, жексенбі күндері де жұмыс істейтін болады.
Бұл балабақшаның ашылуы мұндағы ата-аналар үшін көптен күткен қуаныш болды. Жаңадан бой көтерген орталықты олар жіті аралап көрді. Енді мұнда балғындар саналы тәрбиемен қатар, сапалы білімді де алады. Бүлдіршіндерге жаңа оқу жүйесі бойынша дәріс берілмек.
Балабақшаның негізгі ерекшелігі — тәулік бойы жұмыс істейді. Сонымен қатар атан-аналардың қалауы бойынша сенбі, жексенбі күндері де қызмет көрсетуге дайын. Ай сайынғы өтем ақысы 17 мың теңгені құрайды.
Ұлағат шағынауданынында ашылған балабақша бүлдіршіндерді қабылдауға дайын. Ай сайын бекітілген ақысы мектепке дейінгі мемлекеттік орталыққа қарағанда біршама қымбатырақ болса да, ата-аналар әзірге қалтадан қағыла қоймаймыз деп отыр.
Лаура Мамырова