Балықты заңсыз аулаушылардың қатары көбейген. Әсіресе, уылдырық шашатын уақытта тынышын бұзған тұрғындар азаймай тұр. Осындай олқылықты болдырмау үшін орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясы күресіп келеді. Алайда, браконерлердің жолын кесу мүмкін болмай тұр.
Жыл басынан бері балыққа заңсыз ау тастаған 102 оқиға тіркелген. Заңдылықты өрескел бұзғандар қылмысты жауапқа тартылған. Олардың ішінде тоқпен балық аулау фактісі де тіркелген. Қалғандары жай айыппұл төлеп құтылған.
Ауыл шаруашылығы министрлігінің бұйрығына сәйке,с өңірдің барлық өзен мен су қоймаларында балық аулауға қатаң тыйым салынып отыр. Бұйрықтың орындалуы мамыр айының соңына дейін бақыланады. Мамыр айынан кейін кейбір су қоймаларда ешқандай рұқсат ететін құжатсыз 5 келі балық аулауға еркіндік беріледі.
Тыйым салынғанына қарамастан ұрланып балық аулайтындар Шардара суқоймасында көптеп кездеседі. Сол ауданға бақылау жасайтын инспекция басшысы жұрттың заңсыз тірлігіне тыйым саламай отырғанын айтады.
Жоспар бойынша жақыда ауқымды рейд жүргізіледі. Облыстың барлық су айдынындағы браконьерлердің жолы кесіледі деп күтілуде. Ендеше, қармаққа өзіңіз ілініп қалмайын десеңіз, мамыр айының соңына дейін балық аулауға шықпағаныңыз жөн.
Ернар Балабеков