Дәрігерлер вакцинаның сапасына кепілдік береді

281
вакцина

Оңтүстікте иммундау апталығы жалғасуда. Іс-шара аясында дәрігерлер екпеден бас тартқан ата-аналарға түсіндіру жұмыстарын жүргізуде.

Айта кету керек, жыл сайын мыңға жуық азамат вакцина салдырудан бас тартады. Бұл туралы облыстық денсаулық сақтау басқармасының мамандары баспасөз мәслихатында мәлімдеді.

Олардың айтуынша, вакцина салу – жұқпалы ауруды алдын аладын бірден-бір жол.  Иммундаудың көмегімен күнгейде соңғы жылдары дифтерия, полимелит сынды аурулардың бәсеңдегені байқалыпты. Сондықтан дәрігерлер екпеден бас тартпай, алдын алу жұмыстарынан қалыс қалмауға шақырды. Тіпті, елде жасалатын екпенің сапасына кепілдік берді.

vlcsnap-2016-04-28-13h12m24s160

Замира Есенғараева, облыстық ТҚҚД-нің инфекция және паразитарлық ауруларды эпидқадағалау бөлімінің бас маманы: «Соңғы жылдары бізде дифтерия, полимелит сынды аурулардың азайғаны байқалады. Тіпті бұл ауруларды сирек кездеседі десек те болады. Қазақстанның кез келген азаматына вакцина тегін жасалады. Басқа елден келгендерге де егу ақысыз жүргізіледі. Ата-аналарға айтарымыз – екпеден бас тарпаңыздар. Өйткені екпе аурудың алдын алуға жақсы көмектеседі. Сондай-ақ, вакциананың сапасына кепілдік де бере аламыз.»