Облыстық саз колледжінің студенттері Астанадан олжалы оралды

Облыстық саз колледжінің студенттері Астанадан олжалы оралды

Оңтүстіктің жас музыканттары олжалы оралды. Астана қаласында өткен жас орындаушылардың республикалық 37-ші байқауы биыл да жерлестеріміз үшін сәтті аяқталды. Облыстық саз колледжінен аттанған студенттердің 12-сі жүлделі орындар иеленген.

Облыстық саз колледжінің студенттері Астанадан олжалы оралды

Байқауда жеңіс тұғырынан көрінген оқушылар мен олардың ұстаздарын оқу орнының басшылығы арнайы марапаттап, алғыс хаттар табыстады. Конкурс қазақтың халық аспаптары, орыс халқының аспаптары мен үрмелі және соқпалы, эстрадалық аспаптар номинациясы бойынша өтті. Екі жылда бір рет ұйымдастырылатын байқауға республиканың барлық аймақтарынан 182 үміткер қатысқан.

Облыстық саз колледжінің студенттері Астанадан олжалы оралды

«Эстрадалық аспаптар» аталымы бойынша Азамат Жақыпбеков саксафонда ойнап, бірінші орынды жеңіп алса, Бахтияр Ақылбек екінші орыннан көрінді.  Ал «Орыс халық аспаптары» аталымы бойынша Анатолий Дазарев гитарада ойнап, үздік атанды.

«Қазақ халық аспаптары» номинациясында Нұрлыхан Рахымжан қылқобызда ойнап, үшінші орынға тұрақтады. Одан өзге дипломанттар да оқытушылардың үмітін ақтап, алғысқа бөленді.

Ал төменде Азамат Жақыпбеков пен Бахтияр Ақылбектің, Анатолий Лазарев пен Нұрлыхан Рахымжанның байқауда орындаған шығармаларының үзіндісін ұсынып отырмыз.

[youtube]https://youtu.be/MAHfZbPou3o[/youtube]