Жас өнерпаздар мәдениет майталмандарымен кездесті

386
Мәдениет майталмандары

Ел аумағында өнер саласын дамыту үшін, кәсіби білім алу жеткіліксіз. Халық арасын аралап, фольклормен етене танысу қажет. Бұл жөнінде бүгін Қазақ Ұлттық өнер университетінің бірқатар профессорларымен өткен басқосуда айтылды. Мамандар ұлттық сазды аспаптарды заманауи үлгіге әкелеміз деп, халық қазынасынан қол үзіп бара жатқандардың қадамын айналып өтпеді. Яғни, алдымызда ұлттық аспаптарды жаңғыртудың орнына, оны жаңартып, мүлдем жоюып жіберу қаупі тұрғанын жасырмады.

 

Мәдениет майталмандары
Мәдениет майталмандары

Облысымыздағы саз колледжі және өнер мектебінің оқушыларымен өткен кездесуде ұстаздар қауымы үрмелі және соқпақты аспаптарда ойнаудың түрлі сырларымен бөлісті. Және вокалдық өнерді адам жас ерекшелігіне қарай меңгеру қажеттілігін түсіндірді.

Сөздеріне сенсек, жасөспірім диапазоны кең, орындалуы күрделі еңбекті айту кезінде дауысынан айырлып қалу жағдайлары жиі кездеседі екен.

841

Алмас Алматов, ҚР еңбек сіңірген қайраткері, Қазақ Ұлттық өнер университетінің профессоры: «Жастардың ынтасы мен белсенділігіне қарап, тәнті болып отырмын. Олардың өнерге деген қызығушылығының өзі – еліміздегі мәдениет саласының дамуына бастайды. Енді осылай жалындап тұрған жастарға бағыт беру, яғни кәсіби тұрғыда бағдар көрсету біздің міндеміз. Мектеп, колледж шәкірттерімен кездесіп, олардың көкейіндегі сауалдарға жауап беріп жатырмыз. Мұның өзі жастардың мамандыққа келгенде адаспауына әкеледі деп есептеймін. Себебі өнер мектебін, колледжді тәмамдаған соң қай оқу орнына баруы керек екенін де айтудамыз».