Сыпырған ата көшесінің тұрғындары бес жылдан бері сасық сумен күресіп келеді

344
Кәріз жүйесі

555555555555Шымкентте ескі кәріз жүйелері тағы да жүйкеге тие бастады. Сыпырған ата көшесінің тұрғындары бес жылдан бері №87 мектептің меншігіндегі кәріз жүйлерінен ағатын сасық сумен күресіп келеді.

Өздері тұтынбайтын жүйеден зардап шегіп отырған тұрғындар бұл маңайда жайсыз жағдайлардың да жиі орын алатынын айтып отыр. Жерглікті билік өкілдеріне шағым айта барған халықтың наразылығы әлі күнге ескерілмей келеді.

Қалалық білім беру бөлімі басшыларының сөзіне сенсек, 2010 қолданысқа берілген кәріз жүйесімен тұрғындар ғана емес, құрылым қызметкерлері де арпалысып келеді. Салаға жауапты қалалық әкімдіктің тұрғын үй-коммуналды шаруашылық бөлімінің мамандары мен өзге де құзырлылардан әзірге қайран болмай тұр.