Кәріз жүйесін жөндеу тұрғындарға қолайсыздық туындатты

417
Кәріз жүйесін жөндеу

Бір жағын түзегенімен, екінші жағы бұзылып жатыр. Көпшілікке Чапаевка атауымен белгілі Оңтүстік шағынауданында кәріз жүйелерін жаңалап жатқан жұмысшылар жолды бұзған. Осылай деп шағымданған жергілікті тұрғындар жер асты құбырларын ауыстырып жатқан мекеменің ауыр жүк көліктері жаңадан жөнделген жолдарды тас-талқан етті дейді.

Кәріз жүйесін жөндеуКөше тұрғыны Лилия Александровнаны жолдың ақуалы алаңдатады. Айтуынша, Ташкент көшесінде кәріз жүйесін жаңартып жатқан мердігер мекеменің ауыр жүк көліктері жолды талқандап тастапты. Ірі көліктердің асфальтты қиратып жатқаны өз алдына, үйлердің қорғандарын да бұзып кетіп жатыр дейді. Әрлі-берлі ағылған көліктер телефон желілерін де үзіп кеткен.

Өтемісов пен Ташкент көшелері жуырда ғана жөндеуден өткен болатын. Көршілердің айтуына қарағанда, жол тек жеңіл көліктердің қатынауына ғана арналған. Ауыр жүк көліктерінің жолды бұзғаны былай тұрсын, тіпті, кептеліске де себеп болуда дейді көлік жүргізушілері.

Қазір мұнда кәріз құбырлары ауыстырылып, жөндеу қызып жатыр. Бұл жұмыстар наурыз айының басында аяқталады деп күтілуде. Тұрғындардың наразылығынан Еңбекші аудандық әкімдік өкілдері де хабардар. Олар орын алған олқылықтарды ретке келтіруге уәде етіп отыр.

Ал жергілікті тұрғындар бұл уәде орындалмаса, құзырлы орындарға шағымданамыз дейді.