Оңтүстікте мүмкіндігі шектеулі жандар арасында ел чемпионаты басталды. Шымкентте тірек-қимыл мүшесі зақымдалған және көзі нашар көретін және зағип спортшылар арасында жеңіл атлетикадан Қазақстан чемпионаты өтіп жатыр.
Еліміздің 13 облыс-қаласынан спортшылар қатысып жатқан турнирде үміткерлер ядро лақтыру, диск лақтыру, найза лақтыру спорт түрлері бойынша сынға түсуде. Сонымен қатар мүмкіндігі шектеулі спортшылар 100, 200, 400, 800 және 1500 метрге жүгіруден де бақ сынап жатыр. Чемпионаты 23 мамыр күні қорытындыланады.