Отгон тағы да әлемді өзіне қаратты

225
Отгонцецег әлемдік аренадағы төртінші жеңісіне қол жеткізді

Оңтүстіктің палуаны Гран-при турнирінде алтыннан алқа тақты. 48 келіде сынға түскен Отгонцецег Галбадрах 22 палуанның ішінен үздік танылды. Отгонцецег жарыс барысында 4 жекпе-жек өткізіп, ақтық сында талайдан бері келе жатқан қарсыласын тізе бүктірді.

Алғашқы айналымдарда палуанымыз Вьетнам, Франция және украиналық спортшылардан басым болды. Ал алтын медаль үшін таласта кореялық Джионг Бо Кионгпен кездесті. Осыған дейін Отгон бұл кәріс палуанынан ірі халықаралық жарыста жеңіліп қалған болатын. Бұл жолы есесін алды.

Отгонцецег әлемдік аренадағы төртінші жеңісіне қол жеткізді
Отгонцецег әлемдік аренадағы төртінші жеңісіне қол жеткізді

Нәтижесінде Отгон Олимпиада лицензиясына тағы бір қадам жақындады. Енді бойжеткен тағы бір халықаралық додаға қатысып, рейтингтегі орнын жоғарылатуға тырысады. Қазірдің өзінде дүниежүзілік рейтингте ол алғашқы үштікті қорытындылап отыр. Естеріңізде болса, Галбадрах осыған дейін үш бірдей әлемдік доданы бағындырған болатын.