Шымкент тұрғындары қала әкімімен кездесіп, еркін тілдесті. Ғабидолла Әбдірахымов азаматтарды жеке қабылдады. Қоғамдық қабылдау барысында жер мәселесі, шаһардағы әлеуметтік, коммуналдық проблемалар бойынша тұрғындардың талап-тілектерін тыңдап, пікірлесті.
Қабылдауда қала әкімі мемлекеттік қызметте жариялылық пен ашықтықты пайдалана отырып, жұртшылықты толғандырған өзекті мәселелерге нақты жауап беріп өтті.