Теріскейде тұқы балығы өсірілуде

492

IMG-20160524-WA0014

Мамыр айының соңғы онкүндігінде Жартытөбе ауыл әкімдігіне қарасты Бабата ауылындағы «Бабата» су қоймасына тұқы балықтарының шабақтары жіберілді. Бұл игі бастама 2014 жылы күзде қолға алынған еді.

IMG-20160524-WA0024

«Kaz.Cold.Fish» ЖШС-гі мен Оңтүстік Қазақстан облыс әкімінің «2015-2016 жылдарға арналған облыста балық шаруашылығын дамыту» бағдарламасы негізінде «Максимум» аймақтық инвестициялық орталығы болатын. Облыстық бюджеттен жалпы балық шаруашылығын дамытуға 400 млн теңге қаралған. 

IMG-20160524-WA0017

-Бұл бастаманы 2014 жылы қолға алған болатынбыз. Алдымен облыстық су шаруашылығы басқармасымен келісім шартқа отырдық. Одан кейін Тараз қаласындағы балық шаруашылығымен айналысатын питомниктермен байланысып, әр данасына 50 теңгеден төлеп 100 мың бас тұқы тұқымдас шабақ әкеліп жіберген болатынбыз. Бүгін 50 мың бас шабақ жіберіп отырмыз. Өткен жылдарда салған балықтар алдағы күзде алғаш өз жемісін береді деп күтілуде. Бүгін аудан әкімдігінің өкілдері келіп, менің балық шабақтарын тоғанға жібергенімді өз көзімен көрді. Ертең күзгі уақытта шабақтар өсіп, жетіліп бір келіге жуық салмақ қосады. Арнайы ихтиолог мамандар да бар. Жұмыс басталған соң осы төңіректегі ауылдардан 15-ке жуық жұмыскерлер аламыз. Алдағы кезде балық өнімдерін ұқсататын цехтар ашып,консервілеп шет мемлекетке, өзіміздегі базарларға, сауда нүктелеріне шығаратын боламыз,-дейді «Kaz.Cold.Fish» ЖШС директоры Д.Қазақбаев.